Мемлекеттік сатып алу порталына мониторинг барысында еріктілер бағаның негізсіз өскенін анықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Антикорға сілтеме жасай отырып.
Мониторинг барысында Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының "Каспий жылу, су арнасы" мекемесі 2024 жылға 143, 2 млн теңге сомасына 10 автобус (1 дана – 14 326 675 теңгеден) сатып алуды жоспарланған. Алайда, нарықта жоғарыда аталған тауардың құны 1 дана үшін 11 млн теңгені құрайды.
Осыған байланысты Маңғыстау облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына сатып алу жоспарын қайта қарау туралы ұсыныс хат жолданды.
Нәтижесінде сатып алынатын тауардың бағасы 110,8 млн теңгеге дейін төмендеді. Осылайша, 32,4 млн теңге көлемінде мемлекеттік қаражат үнемделді.